«ЖЕҢІСКЕ БАСТАҒАН ЖІГЕР»
М. Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық -ІТ жоғары колледжі дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Кулекеев Бекзаттың ұйымдастыруымен қазақша күрестен әлем чемпионатында көк байрағымызды биікке көтеріп, елімізге тарихи алтын медаль сыйлаған Сыр елінің мақтанышы, әлем чемпионы Нұрым Сәлімгереймен ерекше рухани кездесу кеші өткізілді. Колледжіміздің спорт сүйер жастары әлем чемпионымен жүздесіп, тағылымды әңгімелер өрбітті.
Кездесу білім алушылар үшін тәрбиелік мәні зор, мазмұнды шараға айналды. Нұрым Сәлімгерей өз өмір жолы мен спорттағы жетістіктері жайлы әңгімелеп, жеңіске жетудегі тәртіп пен ерік-жігердің маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Адам алдына үлкен мақсат қоя білсе, қай салада да биік белестерді бағындыра алады. Сіздер де сабақтан тыс уақытта спортпен шұғылданып, денсаулықтарыңызға көңіл бөлсеңіздер, елімізде салауатты өмір салтын ұстанатын жандардың қатарын көбейтесіздер. Рухы мықты, жігерлі, салауатты ұлт ғана дамыған елдердің қатарынан көріне алады деп есептеймін» — деді әлем чемпионы
Білім алушылар, чемпионнан үлкен мотивация алып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, спорт туралы құнды мәліметтерге қанықты. Кездесу соңында әлем чемпионына алғыс білдіріп, колледж директорының алғыс хаты табысталды.
Шараның мақсаты: Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастырып, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.