Қызылорда облысының білім басқармасы
М. Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-ІТ жоғары колледжі
2025 жылдың 17 желтоқсанда №12 І.Қабылов атындағы мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында 9- сынып оқушыларымен “Әр мамндық-бір әлем” тақырыбындағы кәсіби бағдар беру кеші өтті.
Мақсаты: қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтар жөнінде түсінік беру,жетістікке жеткен мамандардың қызметімен таныстыру.
“Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Абызбеков Нұрбол Абызбаевич және колледжімізден арнайы пән оқытушысы: Сыздықова Зәуреш, экономикалық пәндер оқытушысы Маханбетова Ляйла, арнайы пән оқытушысы Жолдасбекова Тоты, өндірістік оқыту шебері Убайдулдаева Айнур қатысты.
Кеште оқушыларға сұранысқа ие мамандықтар жайлы толық ақпаратты өз түлектерінен дайындалған бейнероликтер арқылы көрсете отырып,мамандықтардың қыр-сырымен бөлісті.