Қызылорда облысының білім басқармасы
М.Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-ІТ жоғары колледжі
2025 жыл 8 желтоқсан күні оқу орны фойесінде, «Жұмысшы маман – жан-жақты білім иесі» атты жалпы білім беретін пәндер бірлестігі онкүндігінің ашылуы салтанатты іс-шарасы өткізілді.
Оқу орны басшысы құттықтау сөз сөйлеп, әдістемелік пәндер бірлестігінің жетекшісі Абажанова Айгул желтоқсан айының 8-22 жұлдызы аралығында өткізілетін іс-шаралар тізбесімен таныстырып, дайындалған арнайы орындарда оқытушылардың ұйымдастыруымен түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып өткізілді.