
«Өз көзіңмен көр» жобасы аясында танымды кездесулер М.Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-ІТ жоғары колледжінің студенттері, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Уақытша бейімдеу және детоксикация» орталығына барып,маңызды тәжірибелік экскурсия жасады.

Кездесу барысында облыстық психикалық денсаулық орталығының валеолог маманы Кенже Жүзбайқызы жастарға нашақорлықтың, алкогольдік ішімдіктердің және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зияны туралы жан-жақты дәріс оқыды.