Қызылорда облысының білім басқармасы
М.Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-ІТ жоғары колледжі
2025 жыл 12 желтоқсан күні оқу орнында «16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында «Тәуелсіз ел ұландары» атты әскери танымдық кеш өткізілді.
Мақсаты: Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Іс — шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлім бастығының орынбасары подполковник Баймагамбетов Дархан Хабдисаламович; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің әскери қызметшісі кіші сержант Абилов Аскербек Қыпшақбайұлы; «Застава тарландары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы запастағы прапоршигі Худояров Асан Беркинбаевич; Қызметтік істі ұйымдастыру және әскерлер қызметті бөлім бастығы Аға сержант Тулепбаев Бағлан Калықұлұлы; Әскерге шақыру және әскерден тыс бөлім инспекторы Ермекбайқызы Алтынай қатысты.
Іс-шара барысында оқу орнында «Жас шекарашылар» үйірме қатысушыларының Ант қабылдау рәсімі өткізіліп, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілерінің қоян-қолтық ұрысының көрінісі қойылып, концерттік бағдарлама берілді.
Колледж әкімшілігі