Қызылорда облысының білім басқармасы
М.Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-ІТ жоғары колледжі
2025 жыл 11 желтоқсан күні оқу орнында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні сабағында «Атыс даярлығы» тарауының аяқталуына байланысты, І курс білім алушылары арасында топ аралық сайыс болып өтті.
Мақсаты:
1.Білім алушыларды Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, батылдыққа және ептілікке тәрбиелеу;
2.Жастарды болашақ ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге тәрбиелеу;
3.Әскери қолданбалы спорт түрлері арқылы салауатты өмір салтын насихаттау;
Шараны алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы Қабылов Алтынбек ұйымдастырып, әр топтан 6 — білім алушы қатысты.
Сайысқа төрешілікті Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара департаментінің офицерлері жасады.
Сайыс түрлері:
1. АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау;
2. Оқжатарды жарақтау;
3. ПМ тапаншасын бөлшектеп жинау;
4. РГД-5 гранатасын бөлшектеп жинау;
5. МР-512 пневматикалық винтовкадан нысанаға оқ ату;
6. Арқан тарту;
Төрешілер сайыс кезеңдері бойынша қорытынды жасап, №253 оқу тобы І орын;
№253-1 оқу тобы ІІ орын; №258 — оқу тобы ІІІ-орын иеленіп, марапатталды.